АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжінде 29.09.2023ж күні Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, патриотизмге, сондай-ақ адамгершілікке баулу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жас буынның бойына сіңіру мақсатында адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында адалдық сағаттары ұйымдастырылды.
Адалдық сағатында – студенттер арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалуы бойынша жастар арасында жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселелерін жан-жақты талқыланды.
Іс-шараға қамтылған студент саны 151.



