Skip to content

Тілдер кафедрасы

Кафедра  тарихы

Кафедра 1969-жылдардың басынан бері өз қызметін атқарып келеді. Алғашқы кезеңде орыс және қазақ тілі пәндері бір бөлімше ретінде жұмыс істеп, кейіннен ағылшын тілі енгізіліп, қазіргі үш тілді біріктірген кафедра ретінде өз мәртебесін нығайтты.

Кафедраның негізгі мақсаты – Жасанды интелектті қоладана отырып, студенттердің  көптілдікті дамыту, мемлекеттік және шет тілдерін меңгерту арқылы болашақ мамандарды кәсіби деңгейде даярлау.

«Тілдер кафедрасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан, білім мен тәрбиені шәкірт жүрегіне сіңіріп, ұзақ жылдар бойы тынымсыз еңбек еткен тәжірибелі ұстаздар – Алмухамедова Нагима  Асқарқызы, Байтенова  Айгерим  Төлешқызы, Бейсенбаева Сауле  Асылбекқызы, Бурыбекова Минасар Абсаматқызы, Маханова Разия  Қаныбекқызы,Мирзамсеитова Камиля  Ералықызы,Садикова Замира  Казиханқызы, Ташева Камиля  Зиятбекқызы, Тургимбаева Гульнар Тұрғанәліқызы, Тілеқабылова Ұлбала Парзуқызы Джаинова Зияда Мырзалықы, Байғуатова Жанат Тұяқбайқызы кафедраның алтын діңгегі. »

Кафедра құрамында тәжірибелі, кәсіби білікті ұстаздар жұмыс атқарады. Олардың арасында Зерттеуші, сарапшы категориясындағы мұғалімдер, магистрлер мен әдіскерлер бар. Оның ішінде:Ғылым кандидаты – 1

1.Дауренбаева А.А.-филогия ғылымдарының кандидаты.

Магистр -Жананова А.М.,Тулеуова Л.К.,Нұрмашқызы А.,Алиева Р.Б., Утебаева Р.М.,Сауырбекова А.Л.

Оқытушылар санаттары:Педагог-Жайнова А.А.,Түймелиева С., Караева М.О. Педагог-модератор-Еспенбетова Г.Ш.,Бегежанова Э.С.,Тулеуова  Л.К., Шоханова М.Қ. Педагог сарапшы -Дауренбаева А.А.,Нұрмашқызы А.,Турсунова Г.М., Джартыбаева А.Б., Наурузбаева А.А.

Педагог зерттеуші-Утебаева Р.М., Жананова А.М.,Алиева  Р.Б.,Сауырбекова  А.Л.

 Ұжым жыл сайын пәндік олимпиадалар, дебаттар, апталықтар, тәрбие сағаттары мен ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырады.

Қазіргі даму:

Кафедра заман талабына сай цифрлық білім беру, жасанды интеллект, интерактивті әдістер мен жобалық оқыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар, халықаралық байланыстар мен кәсіби шеберлік бойынша семинарларға да белсене қатысуда.

Қызмет бағыты:

– Мемлекеттік тіл – қазақ тілін тереңдете оқыту, кәсіби бағытта қолдану;

– Орыс тілі – көпұлтты ортада еркін қарым-қатынас құруға үйрету;

– Шет тілі (ағылшын) – жаһандық ақпараттық кеңістікте тілдік дағдыларды дамыту.

Кафедра жетістіктері:

– Студенттер облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие;

– Ұстаздар авторлық бағдаоламалар, әдістемелік құралдар, жұмыс дәптерлерін әзірлеуде;

– «Тілдер апталығы», «Үздік полиглот», «Абай оқулары», «English speaking club» секілді танымдық іс-шаралар тұрақты өткізіледі.

Инновациялар:

– Интерактивті платформалар (Kahoot, Quizlet, Google Forms) арқылы сабақ өткізу;

– Жасанды интеллект элементтерін оқу үдерісіне енгізу;

– CLIL әдісі арқылы тіл мен кәсіпті ұштастыра оқыту;

– Цифрлық білім беру ресурстарының қолданылуы.

 Болашаққа бағыт:

Кафедра болашақта үштілді білім беру жүйесін жетілдіру, халықаралық серіктестік орнату және заманауи педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануды мақсат етеді.

                           

Тілдер кафедрасы 2023-2024 оқу жылдары

«Жалпы білім беру бағытындағы құзіреттілікті қолдану тиімділігі» атты қалалық семинар.

2023 жыл Қараша айында Р. Гамзатовтың туғанына 100 жыл толуына арналған кафедра оқытушысы Г.Ш. Еспенбетованың қатысуымен «Певец земли родной….» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Қалалық 10 шы мектеппен дебат бойынша достық турнир.

М.Ю.Лермонтовқа арналған оқырмандар сайысында марапаттау рәсімі.

Тілдер кафедрасы 2024-2025 оқу жылы

Тілдер кафедрасы оқытушылары Ұстаздар күнінде.

«С.Сейфуллин,Б.Майлин,І.Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай көркем сөз оқу шебері» Қалалық колледж аралық байқау.

Бірінші курс студенттері арасында  Әдеби интелектуалды турнир

Адам өмірі және қоршаған орта. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі тақырыбында А.М.Жаинованың ашық сабақ барысында.

«Қазақ тілі сабақтарында цифрлық технологияны қолдану.» Мастер-класс. Оқытушылар:  А.Л.Саурбекова, М.Қ.Шоханова

«Очей очарованье –поэзия осени» тақырыбында Әдеби кеш.