Skip to content

«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» Концерттік бағдарлама 1990 жылдың 25 қазанында…

«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!»
Концерттік бағдарлама

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясы қабылданып, Қазақстан алғаш рет өзін егеменді мемлекет ретінде жариялады. Бұл тарихи құжат еліміздің тәуелсіздікке бағытталған алғашқы қадамы болып, жаңа дәуірдің басталуына жол ашты.
Осы атаулы күнге орай 2025 жылғы 24 қазан күні Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ұлық мереке — Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты кеш өтті.
Іс-шараны «Есептеу техникасы» бөлімі мен ЕТ-01-25 топ студенттері, топ жетекшісі А.Жананова, колледждің көркемдік жетекшісі С.Түлешова және жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ж.Ильясов бірлесе ұйымдастырды.
Кештің басты мақсаты – тәуелсіздік идеясын, ұлттық құндылықтар мен рухани сабақтастықты өнер тілі арқылы насихаттау, елге, жерге деген құрмет пен отансүйгіштік сезімді арттыру болды.
Іс-шара барысында колледж директоры Утегенов Мусахан Қалаубекұлы жиналған қауымды Республика күні мерекесімен құттықтап, оқу үдерісіне үлес қосқан педагогтар мен қызметкерлерге марапаттар табыс етті.
Кеш барысында студенттер өз өнерлерін паш етті:
– Домбырашылар қасиетті қара домбырадан күмбірлетіп күй төкті;
– Бишілер әсем қимылымен сахна сәнін келтірді;
– Жастарымыз ерлік пен рухты бейнелеген көріністер көрсетті;
– Абай өлеңдері нақышпен оқылып, дәстүрлі әндер шырқалды.
Бұл кеш — елдік рух пен бірліктің, егемендіктің айғағы болған мерекенің жарқын көрінісіне айналды.
Еңселі егемендігіміз мәңгі болсын!
Аспанымыз ашық, тұғырымыз биік, рухымыз мықты болсын!
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АҒАРТУШЫ_ӨЗІҢНЕН_БАСТА!
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#RebublicDay
#25қазан
#Декларация35жыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *