
«Техникалық пәндер» кафедрасы 2025-2026 оқу жылы
«Техникалық пәндер» кафедрасы 2024-2025 оқу жылы
«Техникалық пәндер» кафедрасы 2023-2024 оқу жылы
2004 жылы «Шымкент экономика және құқық колледжі» болып аталып тұрған кезде техникалық мамандықтарды қайта қолға алу керек деген мәселеге байланысты гидромелиорация, құрылыс мамандықтары қайта ашылды. 2005 жылы бұл оқу орнының Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжі болып аты өзгертілді. Бұл кезде біздің кафедра «Жалпы пәндер» кафедрасының құрамында болып, онда гидромелиорация және құрылыс мамандықтарына студенттер қабылданған болатын. Осы жылдар аралығында техникалық мамандықтар өз қажеттілігіне байланысты қайта қолға алына бастады.
2005 жылы «Техникалық пәндер» кафедрасы болып құрылды.
Содан бері колледждің бір бөлшегіндей болып біздің кафедра да жұмыла еңбек етіп, мықты мамандар даярлауда өз үлестерін қосып келеді.
Қазіргі таңда «Техникалық пәндер» кафедрасында мынадай мамандықтар бойынша орта білімді мамандар даярлануда:
- 07320500-Гидротехникалық құрылыс
- 07321400-Гидротехникалық мелиорация
- 07321300- Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану
- 07130200-Электрмен қамтамасыз ету
- 07320600-Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау
Елдің экономикалық қуаты,мықтылығы осы аталған сала мамандарына тәуелді екендігі ақиқат. Жалпы барлық өңірде осы сала мамандарына сұраныс жоғары. Сондықтан, бәсекеге қабілетті, қазіргі өндіріске бейімделе алатын тұлғаларды қалыптастыра білуіміз қажет.
Осыған орай, болашақ мамандар қазіргі ақпараттық қоғамнан тыс қалмай, жедел ойлаушы, ерекше ұйымдастырушылық қасиеті жоғары, тез шешім қабылдаушы, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы қазіргі заманның басты талабы. Білікті мамандарды дайындау барысында үлес қосып жүрген «Техникалық пәндер» кафедрасында Барлығы – 14 оқытушы

Оның ішінде:
- Техника ғылымдарының кандидаты, , к.т.н. Байсалова А.Д. кафедра меңгерушісі
- Магистр – 7, Битемирова У.К., Орынбасарова А.О., Бутанбаева А.У., Заурбеков М.Н., Бекбергенова А.С., Серікбай Қ.Е., Сұлтанбек А.Т.,
Оқытушылар санаттары:
Педагог модератор- 8- Битемирова У.К., Орынбасарова А.О., Заурбеков М.Н., Бекбергенова А.С., Байсалова А.Д., Нуртазина С.А., Алшынбаев Б.Е., Акимкулова А.А.
Педагог – 4, Каюпов А.Т., Бутанбаева А.У., Муталиева А.Қ., Мамықова А.Д.
Қазіргі таңда мемлекет техникалық білім беру жүйесінің дамуына, оқу орындарындағы мамандықтардың алуандылығына аса көңіл аударып отыр. Кафедраны қазіргі таңда техника ғылымының кандидаты А.Д.Байсалова басқарады.
Жоғарыда аталған мамандықтарға байланысты тәжірибелік сабақтарды оқытушылар серіктес компаниялармен бірлесе жүргізеді. Серіктес компаниялармен бірлесе отырып, студенттердің теорияда алған білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастыруына үлес қосады.
Серіктес компаниялар:
- ЖШС «Проект-А» директоры С.Айдарханов
- ЖШС «Энергосервис ЭТЛ» директоры А Джунисов
- АҚ ОО «Оңтүстік Мұнай Газ» директоры Ф.Р.Ибрагимов
- ЖШС «НефтеХимСтрой» директоры Б.Сақабаев
- ЖШС «Оңтүстік ЖарықТранзит» инженері Н.Д.Айтубаев
- ЖШС «Ай Сервис Транс» директоры А.Құлшынбай
- Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
- (қысқаша: Шымкент су арнасы).
- Директоры: Байболов Бағдат Сырлыбайұлы.және т.б.
Оқытушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары, басылымдарға жарияланған мақалалар тізімі:
- Бутанбаева А.У.-Proceeding xi international conference «industrial technologies and engineering» icite – 2024, volume i. The main ways to build solar power plants. М.Әуезов атынағы ОҚУ. Оңтүстік Қазақстан ғылым жаршысы №1 (25)2024ж
- Нуртазина С.А.-Білікті су мамандарын даярлау -өзекті мәселе. ПРОЕКТ – ТиПО – ЖУРНАЛЫ – ОБЛОЖКА – №3 (58) – 2024.
- Заурбеков М.Н.-Тұрақты құрылымы бар энергия түрлендіргіш. ВКТУ-Вестник №4.2024
-Integration of Vibration Energy Conversion Technologies and Mass Transfer Processes to Improve Energy Efficiency. International Journal on Energy Conversion (I.R.E.CON.), Vol. 12, N. 5 ISSN 2281-5295 September 2024
- Акимкулова А.А.- Құбырлардың беріктігін арттыру: жаңа материалдар мен технологиялар
Жаңашыл үздік ұстаз ғылыми-әдістемелік журналы. (№02 (537)-2025).
- Байсалова А.Д.-Құбырларды салу барысында кездесетін инженерлік қиындықтар мен шешімдер
Жаңашыл үздік ұстаз ғылыми-әдістемелік журналы. (№02 (537)-2025).
- Бекбергенова А.С.-6/0,4 кВ электр желілері учаскесінің жұмысын оңтайландыру үшін өтемдік құрылғыларды орналастыру тиімділігін анықтау. Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы Ahmet Baitursynuly Izbasarlary. №14(02) (2025ж. ақпан).
- Орынбасарова А.О.-6/0,4 кВ электр желілері учаскесінің жұмысын оңтайландыру үшін өтемдік құрылғыларды орналастыру тиімділігін анықтау. Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы Ahmet Baitursynuly Izbasarlary. №14(02) (2025ж. ақпан).
Қалалық іс-шара-Орынбасарова А.О., Заурбеков М.Н. «Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел. 16.10.2024ж
