«Қоғамдық пәндер» кафедрасы

«Қоғамдық пәндер» кафедрасының 2024-2025 оқу жылы
«Қоғамдық пәндер» кафедрасының 2023-2024 оқу жылы
«Қоғамдық пәндер» кафедрасы колледждегі іргелі кафедралардың бірі. Кафедра қоғамдық пәндерді оқытатын «Гуманитарлық пәндер» кафедрасы деп аталып, 2007 жылға дейін жұмыс істеді.Сонан соң қазақтың төл тарихын жастар санасына сіңіру мақсатында кафедра «Қазақстан тарихы» кафедрасы деп аталып, 2012 жылдан бастап «Қоғамдық пәндер» кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедрада оқытудың жаңа әдістерін, жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды зерттеу , жобалау әдістерін қолдана отырып оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижесінде кафедраның бірнеше оқытушылары облыстық, республикалық деңгейдегі конкурстардың жеңімпаздары атанды. Атап айтсақ, Жусипалиева С.А.– облыстық «Үздік оқытушы- 2001» байқауында бас жүлде, 2002 жылы Республикалық конкурстың «оқытушы-ізденуші» номинациясына ие болды.

Кафедра мұғалімдері Наурыз мейрамына арналған іс-шарада
Қошаманова Ғ.А.-облыстық «Үздік тәлімгер-2001» байқауының Гранпри иегері. Бектибаева З.Ш.- облыстық «Үздік оқытушы-2005» байқауының Гран при иегері. Тулешова С.Ж. – облыстық «Өнерлі ұстаз-2009» байқауының Гран при иегері. Педагогтардың біліктілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, озық технологияларды меңгеру және тәжірибе алмасу мақсатында кафедра жанынан 2004 жылдан бастап ИТО (инновациялық технологиялар орталығы) құрылған. Мұнда Герман технологиясының «Майнд-мэп» әдісі негізінде арнайы пән оқытушыларына кәсіби педагогикадан семинар тренингтер өткізілген. Оның кәзіргі таңдағы мультипликаторлары Бектибаева З.Ш., Қошаманова Ғ.Ә., Жусипалиева С.А. Облыстың көптеген колледждерінде ИТО мультипликаторлары кәсіби педагогиканың жаңашыл әдістері жөнінде көптеген дәрістер өткізді.
Колледжде студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және жеке тұлға ретінде қалыптастыру негізінде «Шамшырақ» саяси, дебат клубы жүйелі түрде жұмыс істейді.
Кафедраның негізгі мақсаты: Ақпараттық- коммуникативтік технологиялар мүмкіндктерін, жаңашыл әдістері мен оқыту технологияларын пайдалана отырып әлемдік және отандық ғылым теориясы мен тарихына сүйене отырып жұмыс істеу,шығармашыл жастардың бойына кәсіби, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды, Отанымыз- Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті сіңіру, жастарды республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысуға баулу, олардың құқықтық санасы мен ғылыми-философиялық дүниетанымын қалыптастыру.
Кафедра алдында қойылған мақсаттарды жүзеге асыру барысында бүгінде мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде;
-дәрістерді,семинар сабақтары мен басқа да оқу сабақтарын сапалы жүргізу;
-студентердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оған жетекшілік ету;
– студентердің оқу жұмысын бақылау және оның нәтижелерін анықтау;
– студентермен оқудан тыс (тәрбиелік) шаралар ұйымдастыру және өткізу;
-электронды оқулықтарды, оқу қралдарын дәріс конспектілерін, кафедраның бейіні бойынша әдістемелік әдебиет пен оқу тәжірибелік басылымдар дайындау.
-үздік педагогтардың жұмыс тәжірибесін қорыту және тарату.
– жас оқытушыларға педагогикалық шеберлікті игеруге көмек көрсету.
– кафедра педагогтары оқитын пәндер бойынша оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларын әзірлеу.
Кафедра оқытушыларының құрамында:
Барлығы – 11 оқытушы
Оның ішінде:
Магистр – 4
Оқытушылар санаттары:
Педагог зерттеуші -1
Педагог сарапшы – 3
Педагог модератор- 5
Педагог – 2

«Қоғамдық пәндер» кафедра педагогтары
Кафедраның оқытушылық құрамы
| № | Аты-жөні | Білімі (ЖОО аты, бітірген жылы, диплом бойынша мамандығы) | Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты. |
| 1 | Бектибаева Зульфия Шакимановна | Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті 1993ж. Тарих және педагогика: тарих және педагогика мұғалімі | Педагог-зерттеуші |
| 2 | Қошаманова Ғазиза Әлмаханқызы | Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті 1993ж. Тарих және педагогика: тарих және педагогика мұғалімі | Педагог-Модератор |
| 3 | Бекметова Ольга Валентиновна | Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті 2000ж, Әлеуметтану: Әлеуметтанушы | Саясаттану магистрі Педагог-сарапшы |
| 4 | Калыкулов Нурмахан Рахманкулович | Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті. 1999ж. Бүкіләлем тарихы:Тарих | Тарих магистрі Педагог-сарапшы |
| 5 | Кузенбаев Ернар Мырзабаевич | Оңтүстік Қазақстан Мемлекетті Университеті, 2006ж Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті Тарих, құқық және экономика негіздері: Тарих, құқық және экономика негіздері | Педагог-модератор |
| 6 | Сулейменова Марина Бурктбаевна | Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «География и естествознание»1995ж, География және жаратылыстану: | Педагог-модератор |
| 7 | Дауреханова Шолпан Амангельдиевна | Шымкент педагогика институты,1989ж, Тарих және педагогика: тарих және қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі методист | Педагог-модератор |
| 8 | Тулешова Сауле Жанабаевна | М Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2005ж, Тарих және География: тарих және геграфия пәнінің мұғалімі | Педагог-модератор |
| 9 | Балғабаева Дуйсенкул Тойкенкызы | Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған педагогикалық университеті 1996ж, География: география пәнінің мұғалімі | Педагог-Сарапшы |
| 10 | Мырзалиева Жанат Қазбекқызы | М Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2002ж, Тарих: Тарих пәнінің мұғалімі | Педагог |
| 11 | Жусипалиева Сабира Алимбековна | Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті 1993ж. Тарих және педагогика: тарих және педагогика мұғалімі | Педагог |

Педагогтар Е.М.Кузенбаев және С.Ж.Тулешова білім алушылармен бірге Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына саяхат жасауда

Білім алушыларға халқымыздың дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық құндылықтарымыз насихатталуда

Кафедра меңгерушісі З.Ш.Бектибаева колледж білім алушыларымен бірге Түркістан облыстық тарихи – өлкетану музейіне саяхат жасау барысында
«Қоғамдық пәндер» кафедрасы
Кафедраның жетістіктері
Авторлық бағдарлама -3
Мамандық бойынша оқу құралы -3

Авторлық бағдарлама
Бектибаева Зульфия Шакимановна

С.А.Жусипалиева, Ғ.Ә.Қошаманова «Философия негіздері» оқу құралы

С.А.Жусипалиева, Ғ.Ә.Қошаманова «Қазақстан тарихы» оқу құралы

З.Ш.Бектибаева, Ғ.Ә.Қошаманова «Мәдениеттану негіздері» оқу құралы

М.Б.Сулейменова «Глобальные проблемы человечества» авторская программа

О.В.Бекметова «Сборник практических заданий»

«Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары Ғ.Ә.Қошаманова және С.Ж.Тулешованың ұйымдастыруымен І курс студенттері арасында өткен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша колледжішілік олимпиада

«Білім алушылардың коммуникативтік қабілетін дамытудағы модерация әдісінің тиімділігі» тақырыбында өткен қалалық мастер-класс

Педагог Бекметова Ольга Валентиновна «Контроль и оценка результатов» тақырыбында шеберлік сағатын өтуде

Педагог Әбіш Нахыпбек Тансықбайұлы колледж білім алушыларына «Абайдың қара сөздері» тақырыбында имандылық сабағын өтуде
Кафедра тынысы

«Шамшырақ» дебат клубының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық дебаттық турнир
Клуб жетекшісі: Кузенбаев Ернар Мырзабаевич

ӘБІШ НАҚЫПБЕК ТАҢСЫҚПАЙҰЛЫ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИНИ ФУТБОЛ ЖЕҢІМПАЗЫ
Оқытушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары, басылымдарға жарияланған мақалалар тізімі:
2023-2024 оқу жылы
| № | Оқытушының аты-жөні | Мақала тақырыбы | Жарияланған басылым атауы, номері, күні |
| 1 | Бектибаева Зульфия Шакимановна | «Студенттердің коммуникативтік қабілетін дамытудағы модерация әдісінің тиімділігі» Дарынды баламен жұмыс жүргізу Ұлттық құндылықтар-ұрпақ негізі | СЕРТИФИКАТ «Ziatker.kz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының желілік басылымына жарияланды. №: MS-101365 16.01.24ж |
| 2 | Тулешова Сауле Жанабаевна | «Туған жер- туған өлкем» «Жыр алыбы-Жамбыл» «Махамбет поэзиясы-Ұлтына ұран болған рухы биік поэзия» атты қалалық колледж студенттері арасында өткен тарихи- әдеби кеш | СЕРТИФИКАТ «Ziatker.kz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының желілік басылымына жарияланды №:MS-101338 13.01.24ж |
| 3 | Дауреханова Шолпан Амангелдиевна | «Тарих пен тіл тағдырлас» Ашық тәрбие сағаты | СЕРТИФИКАТ «Ziatker.kz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының желілік басылымына жарияланды №MS-101369 17.01.24ж |
| 4 | Сулейменова Марина Бүрктбаевна | География пәніндегі педагогикалық құзіреттілікті арттыру жолдары | СЕРТИФИКАТ Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік «Didaktika журналы. №001880 Желтоқсан, 2023ж. |
| 5 | Балғабаева Дуйсенкул Тойкенкызы | География пәніндегі педагогикалық құзіреттілікті арттыру жолдары | СЕРТИФИКАТ Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік «Didaktika журналы. №001879 Желтоқсан, 2023ж. |
| 6 | Қошаманова Ғазиза Әлмаханқызы, Бектибаева Зульфия Шакиманқызы | «Инновациялық әдістердің субстанциялық зерттеулері туралы» | Жаңашыл педагог мінбері №2 13.02.2024ж |
| 7 | Мырзалиева Жанат Қазыбекқызы | «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту кезеңіндегі Мырзашөл өңірін суландыру және игеру» (1946-1985) | Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік»университеті |
2024-2025 оқу жылы
| № | Оқытушының аты-жөні | Оқытушының аты-жөні | Жарияланған басылым атауы, номері, күні |
| 1 | Тулешова Сауле Жанабаевна | Ынтымақтастықта оқыту технологиясын география сабақтарында қолдану тәсілі» | «Педагогикалық шеберлік» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналға |
| 2 | Бекметова Ольга Валентиновна | «Применение метода проекта по предметам социального цикла» | Республиканский научно-методический журнал. «Педагогикалық шеберлік» |
| 3 | Балгабаева Дуйсенкул Тойкенкызы | Шымкент қаласында және туркістан облысы іс-шара туризімінің дамуы және көзделген мақсаттар. | Педагогика ғылымдарының докторы, академик Мардан Баймурзаұлы Сапарбаевты еске алуға арналған “қоғамның, ғылым мен білімнің өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы |
| 4 | Дауреханова Шолпан Амангелдиевна | Көрнектілік құралдарды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық астарлары және көрнекілік құралдарының жіктелуі | Халықаралық ғылыми парктикалық онлайн конференцияның материмялдар жинағы «География ғылымдарының өзекті бағыттарындағы бағалау және болжаудың қазіргі мәселелері» |
| 5 | Мырзалиева Жанат Қазбекқызы | Жұмабек Тәшеновтың саяси қызметі және ұлттық мүдде: көшбасшылық тағылымы өскелең ұрпақ үшін | Халықаралық ғылыми парктикалық онлайн конференцияның материмялдар жинағы «География ғылымдарының өзекті бағыттарындағы бағалау және болжаудың қазіргі мәселелері» |

ТУЛЕШОВА САУЛЕ ЖАНАБАЕВНА
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

БЕКТИБАЕВА ЗУЛЬФИЯ ШАКИМАНОВНА
«Ы.АЛТЫНСАРИН» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ

ҚОШАМАНОВА ҒАЗИЗА ӘЛМАХНҚЫЗЫ
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ
АЛҒЫСЫНЫҢ ИЕГЕРІ