Педагог-психолог
Еркинбекова Ақзада Оралбековна- студенттердің рухани және эмоционалды саулығын сақтауға, тұлғалық дамуына және әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсететін педагог-психолог маманы.

💼 Негізгі міндеттері:
Студенттердің психологиялық жағдайын зерттеу, жеке ерекшеліктерін анықтау;
Жаңа ортаға бейімделу кезінде психологиялық көмек көрсету;
Студенттердің өзіне сенімділігін арттыру, оқу мотивациясын көтеру;
Ұжымдағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту;
Стрестің, мазасыздықтың, агрессия мен буллингтің алдын алу;
Суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;
Педагогтер мен ата-аналарға психологиялық кеңес беру;
Психологиялық тренингтер мен даму сабақтарын ұйымдастыру.
🌿 Психологтың жұмысының бағыттары:
Жеке кеңес беру – студенттердің жеке мәселелерін шешуге көмектесу;
Топтық тренингтер – өзін-өзі тану, коммуникация және эмоцияны басқару дағдыларын дамыту;
Диагностикалық жұмыс – психологиялық зерттеу, тест және сауалнама жүргізу;
Психопрофилактика – жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
.
🕊️ Психологтың ұстанымы:
«Әр студент – ерекше тұлға. Оны түсіну – қолдаудың ең алғашқы қадамы.»
Психолог
«Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі»-атты ата-аналарға арналған жиналыс колледж тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Құрманбеков А.Ж, заң бөлімі – Тургинбаева Л.А, ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы бөлімі – Өтепов Т.Л, құрылыс бөлімі – Қалқабаев Ж, салалық мамандықтар бөлімі – Қараева М, техникалық бөлімі- Қалықұлов Н, жоғары колледж бөлімі- Алшынбаев Б, педагог-психолог-Балтабай А, колледждің аға тәлімгері – Каюпова Т.Т қатысуымен өтілді.
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Сондықтан ата – ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу, ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
https://www.facebook.com/share/p/1BGMd3QvBb/?mibextid=wwXIfr

«Отбасым-менің мейірім» атты тақырыпта студенттермен жүргізілген тренинг өтілді.
Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, студенттерге отбасы туралы мағлұмат беру. Отбасын құрметтеуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/share/1AdifX8X4k/

«Жеке мазасыздану шкаласы» (А.М.Прихожан) әдістемесі
Мақсаты: Студенттердің жеке мазасыздану деңгейін анықтау
Қорытынды: Студенттердің жеке мазасыздық жай-күйін анықтау мақсатында А.М.Прихожанның «Жеке мазасыздану шкаласы» әдістемесі алынды.Қатысқан студентер саны: 1445


«Аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау» (Т. Н. Разуваева) әдістемесі
Мақсаты: Студенттердің психологиялық жай күйін анықтау
Қорытынды: Қорытынды: Т.Н. Разуваеваның модификациясы бойынша колледж бойынша 1-2 курс студенттері тапсырды.Оның ішінде қалыпты деңгей 1103 студент анықталды,орташа деңгей 247 студент,жоғары деңгей 15 студент анықталды. Жоғары деңгейде анықталған студенттермен жұмыс жасалынып, себептері анықталып, тұрақты жұмыс жасалуда.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
Қазіргі таңда қоғамда шешімін табылмай жатқан мәселелер көп. Солардың бірі-жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет.
Аутодеструктивті міңез-құлық қалыпты дамуға, адамның психологиясына кері әсері етеді. Яғни, жастар арасында мұндай дерттің кеңінен таралуы алаңдатарлық жағдай. Жалпы, жасөспірімдік кезең-адамның тұлға болып қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екенін түсінеміз.
Осы орайда, 16.09.2024ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі студенттері арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу бойынша психологиялық семинар-тренинг өтті.
Іс-шара барысында, психологиялық техникаларды қолдана отырып, позитивті ойлау қабілетін жетілдіру, әлеуметтік ортада әртүрлі мәселелерге тап болған жағдайда, оңтайлы шешу жолдарында көз қарасын кеңейту, өз өміріне қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша дағдыларды қалыптастырды.
Сондай-ақ, студенттер өзіндік мақсаттары, құндылықтары туралы әңгімелеп, кері байланыс орнатылды.
https://www.facebook.com/share/15TLyJdFyp/

АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу
2024 жылдың 23 қыркүйек күні Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, М.Өтебаев атындағы ЖЖТ-ның колледж студенттеріне ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Н.Жургенбаева мен колледж медбикесі Набатова Жамиля Кенжебековамен кездесу өтті. Кездесу барысында ерте жүктіліктің алдын алу шаралары түсіндірілді.
https://www.facebook.com/share/1XygP84DEr/

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ!
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің педагог-психологы және “Өзін-өзі тану” фракциясының ұйымдастыруымен “Бопсалау фактілерін анықтау” мақсатында колледж білім алушылар арасында тренинг өткізіліп, әлеуметтік сауалнама алынды.
https://www.facebook.com/share/18TiA4j3rC/
ҚЫЛМЫССЫЗ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер арасында «Қылмыссыз жарқын болашақ» атты шығармашылық сайысы өтті.
Студенттер қылмысқа итермелеуі мүмкін деген жағдайларды сахналық көрініс арқылы жеткізді.
https://www.facebook.com/share/1B614qSFo3/

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Әл-Фараби ауданы прокуратурасының 2024 жылғы 12 қарашадағы №2-12-24-05021 хаты негізінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 10 күндігі аясындағы іс-шара жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, әлімжеттік, ерте жүктілік, аутоагрессияның зияндығын насихаттау мақсатында прокуратура қызметкерлері, құқық қорғау қызметкерлері, ата-аналар және арнайы мамандар М.Өтебаев атындағы ЖЖТК-де студенттерімен кездесу өткізді.
https://www.facebook.com/share/18qaHwbUKp/

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ТАҒДЫРДЫ ТАҢДАУ!
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 9.01.2025ж күні М.Өтебаев атындағы ЖЖТК жатақханасында «Мамандығым – мақтанышым!» атты тренинг сабақ өтті.
Тренингтің мақсаты: мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Ұлағат» ата-аналар комитеті, «Шапағат» әкелер клубы, «Өнеге» аналар клубы, Педагог-психолог, колледж бойынша аға куратор.
https://www.facebook.com/share/1T3TqHiVUN/

«БУЛЛИНГТІ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ»
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде 14.01-15.01 күндері буллингтің алдын алу максатында кездесу өткізілді.
Кездесуге колледждің құқықтану кофедрасының окытушысы Джакипбеков Назарбек Мақсутұлы, «Студенттік емхана» ЖШС психологы Тәжібай Ұлдана Ганибекқызы және Әл-Фараби АПБ Жергілікті полиция бөлімінің Ювеналдық полиция аға инспекторы Юсупов Хабибулла Ибадуллаевич катысты.
Іс-шара барысында студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыруды, әлімжеттіктің себептері мен салдары жайлы айтылып, жағымды қарым-қатынас орнату туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://www.facebook.com/share/1B3UwkECVb/

«Әдемілік-әдептілік белгісі» атты тақырыпта студенттермен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Студенттер арасында сыйластық, достық, татулық, сүйіспеншілік сияқты қарым-қатынастарын дамыту.
https://www.facebook.com/share/hG1qfm9FKUGMFgy3/?mibextid=WC7FNe

«Қыз қылығымен…» және «Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары»
2024 жылдың 7 қараша күні «Сырғалым» қыздар клубының төрайымы Хамзина Алтынай Маратқызы және колледж медбикесі Набатова Жамиля Кенжебековна ұйымдастыруымен, 1-2 курс қыздарының қатысуымен «Қыз қылығымен…» және «Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары» тақырыбында мамандармен арнайы кездесу өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – студенттерге «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата – ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу. Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын-алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер берілді. Сонымен қатар колледжіміздің психолог педагогы Еркинбекова Ақзада және әлеуметтік педагогы Тұрғанбай Ұлсана сөз сөйлеп қыздарды инабаттылық, ибалыққа шақырды. ЖШС «Студенттік емхана» арнайы мамандар шақырылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қонақтар:
Студенттік емхананың бас дәрігердің меңгерушісі: Жұманова Аида Тәңірбергенқызы
Студенттік емхананың дәрігер – гинекологы: Таджимуратова Айгерім Рысхановна
Студенттік емхананың психологы: Тәжібай Ұлдана
Мақсаты: Қыздардың ар-намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/share/195uen8dL5/

«Девинантты мінез-құлықтың себептері» атты тренинг ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімдерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым – қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез – құлықтарын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/C16pgV4ooJa/?igsh=MWVoZHBlZXc4Z2d0ZA==


«СЛ-19 Юнацкевич П.И.,1998» сауалнамасының қорытындысы
Мақсаты: Студенттердің психикалық жай күйін анықтау
Қорытынды: СЛ-19 Юнацкевич П.И.,1998 сауалнамасы бойынша психикалық жай күйі жоғары студенттер анықталмады, орташасы 11 болып анықталды.Оларды тәуекел тобына есепке алып,түзету-дамыту жұмыстарын жүргізіліп, кураторларына ескертіліп, жеке жұмыс жүргізілуде.
Суицид қаупінің деңгейін бағалау | Ұпайлар | Қорытынды |
Тәуекелдің жоғары деңгейі | 15-19 | 0 |
Орташа тәуекел | 9-14 | 11 |
Төмен тәуекел | 1-8 | 1561 |
«Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау» Г.Айзенк сауалнамасы
Мақсаты: Студенттердің психикалық жай күйін анықтау
Қорытынды. «Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау» Г.Айзенк сауалнамасы Бойынша білім алушылардың психикалық жай-күйі анықталып,соның ішінде үрейшілдік деңгейі көрсеткіші 14,4%қалыпты, 7,1% орта,фрустрация деңгейі бойынша 13,5% қалыпты, 3,7 %) орта, агресивтілік деңгейі бойынша 36,9% қалыпты, 1,4% орта, 0,3% жоғары,регидность 14,2% қалыпты, 8,5 % орта болып анықталды. Қалыпты 568 студент,Орта 149 студент,жоғары 2 студент анықталды.Қазір уақытта қалыптыдан орта және жоғары деңгейі анықталған студенттермен түзету-дамыту жұмыстары жүргізілуде.
«Білім алушылар арасында интернет ресурстарын тиімді пайдалану» атты тақырыпта студенттермен іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Студенттерге интернет ресурстарын тиімді пайдалануды көрсетіп, оны қолдануды үйрету.

«Темпераментті анықтау сауалнамасы»
Мақсаты: Студенттердің темперамент түрлерін анықтау


«Мамандығым мақтанышым»-атты тренинг жатахана студенттеріне өтілді.
Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.Студенттің кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдауЖасөспірімдердің өздеріне деген сенімдерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым – қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез – құлықтарын қалыптастыру.

«Дифференциалды – диагностикалық сауалнама» (Е.А.Климов)
Мақсаты: Әдістеме арқылы Е.А.Климов классификациясымен сәйкестікте түрлі мамандықтарға сұрыптау.
Қорытынды: Әдістеме Е.А.Климов классификациясымен сәйкестікте түрлі мамандықтарға сұрыптау үшін арналған сауалнама жүргізілді және студенттердің жауаптарына сүйене отырып, қандай мамандыққа бейім екендігі туралы ақпарат берілді. Айтарлықтай өзгеріс байқалған жоқ және басым көпшілігінің таңдаған мамандықтары осы сауалнама қорытындысымен сәйкес екендігі анықталды.
Қатысқандар: 72 студент
Адам-адам | 35 |
Адам-техника | 34 |
АДАМ-көркем | 2 |
АДАМ-белгі | 1 |
«Тұлға типтерін анықтау» (Дж.Холланд)
Мақсаты: Әдістеме арқылы Дж.Холланд классификациясымен сәйкестікте түрлі мамандықтарға сұрыптау.
Қорытынды: Әдістеме Дж.Холланд классификациясымен сәйкестікте түрлі мамандықтарға сұрыптау үшін арналған сауалнама жүргізілді және студенттердің жауаптарына сүйене отырып, қандай мамандыққа бейім екендігі туралы ақпарат берілді. Айтарлықтай өзгеріс байқалған жоқ және басым көпшілігінің таңдаған мамандықтары осы сауалнама қорытындысымен сәйкес екендігі анықталды.
Қатысқандар: 61 студент
Реалистік тип | 32 |
Интеллектуалдық тип | 12 |
Әлеуметтік тип | 9 |
Конвенциялық тип. | 5 |
Тапқыр тип | 3 |
Әртістік тип. | 0 |
«Тәуекел» топқа жататын студенттермен психологиялық тест жүргізілді,психологиялық тренинг өткізілді,сұхбаттасу жүргізілді.
КҮЙЗЕЛІСТІ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Студенттерге күйзеліс пен жағымсыз көңіл күйді болдырмау мақсатында психологиялық тренинг өтті.
https://www.facebook.com/share/1BxVWjzmVg/
«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ»
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Әке – отбасының тірегі» атты әкелер іс-шарасы өтті.
https://www.facebook.com/share/19Jzop7G7L/

ПИХОЛОГИЯЛЫК ТРЕНИНГ ӨТТІ
М.Өтебаев атындағы жаңа технологиялар колледжінде 15-16.01.2025ж күндері
«Менің болашақ өмірім», «Өз-өзіне деген сенімділікті арттыру», «Қорқыныш сезімінен арылу» тақырыптарында тренинг өтті.
https://www.facebook.com/share/1BzV9Q72yg/

«БУЛЛИНГТІ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ»
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде 14.01-15.01 күндері буллингтің алдын алу максатында кездесу өткізілді.
https://www.facebook.com/share/1APizBX6j2/

«Мамандық өмір таңдауы» жатақхана студенттеріне психологиялық тренинг өтілді
https://www.facebook.com/share/1692LH7Fji/

“Мамандық таңдаудың маңыздылығы мен оның өмірлік мәні”
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде оқытылатын мамандықтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында “Техникалық пәндер” кафедрасының оқытушысы Битемирова Ұлжалғас Қалқаманқызы-№130 жалпы орта білім беретін мектебінде 9 сыныптар арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
https://www.facebook.com/share/19HRwwDxj9/

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
2025 жылдың 13 ақпан күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Отбасы-тәрбие бастауы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
https://www.facebook.com/share/16B16wciNM/

Эмоционалдық көңіл-күйдің жоғары деңгейінде қалыптастыру
Жасөспірімдердің өзіндік құндылықтары мен өзін-өзі бағалауын қалыптастыру және оқуға мотивациясын арттыру тақырыбында
31.01.2025ж М.Өтебаев колледжінде педагогтермен кеңес өтілді.
https://www.facebook.com/share/15dvsd2F2T/

«Дарынды студенттердің психологиялық ерекшеліктері» атты тақырыпта студенттермен дәріс өткізілді

«ӨМІР-МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН»
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде 22.04.2025ж күні «Өмір-мен сені сүйемін» тақырыбында сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/1F3JzBA6iF/

«ӨМІРЛІК МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК АНЫҚТАЛУ»
М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжінде 25.04.2025 күні «Психологиялық қолдау орталығы» маманы Беспаева Кулшат Нурмаханқызы «Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу» тақырыбында студенттермен және «Бақытты Ата- ана-бақытты бала» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізді.
https://www.facebook.com/share/12LCXx4VvWE/

ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС – КІШКЕНТАЙ ҚАДАМНАН БАСТАЛАДЫ!
30.04.2025 жылы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде лудомния (ойынқұмарлық) мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты іс-шара өтілді.
Кездесуде студенттерге тақырыпқа байланысты толық ақпараттар беріліп, сенім телефондарына хабарласу керектігін және Психологиялық және құқықтық көмекке жүгінуге болатындығын атап етті.
https://www.facebook.com/share/16u4ZxsYcv/
