Әлеуметтік педагог
Тұрғанбай Ұлсана Бақтыбайқызы- колледждің білім алушыларына әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маманы. 2022 жылдан бастап осы колледжде әлеуметтік педагог қызметіне тағайындалды.

💼 Негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:
Студенттердің әлеуметтік жағдайын анықтап, көмекке мұқтаж топтарды тіркеуге алу (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер);
Әлеуметтік көмек пен демеушілік қолдау шараларын ұйымдастыру және үйлестіру;
Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, қамқоршылық кеңеспен, ата-аналар комитетімен тығыз байланыста жұмыс жүргізу;
Колледж ұжымында психологиялық жайлылық пен адамгершілік қарым-қатынасты нығайту;
Девиантты мінез-құлықтың алдын алу, құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өткізу;
Салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік бейімделу мен өзін-өзі дамытуға бағытталған жобалар ұйымдастыру;
Қайырымдылық және волонтерлік қозғалыстарды қолдау.
🤝 Жұмыс қағидалары:
Құпиялылық пен сенімге негізделген жеке жұмыс жүргізу;
Әр студентке жеке көзқарас пен қолдау көрсету;
Қиын өмірлік жағдайдан шығу жолдарын бірлесе іздеу;
Әлеуметтік әділдік пен теңдік принциптерін сақтау.
🌱 Әлеуметтік педагогтің жұмысының нәтижесі:
Колледжде әлеуметтік-психологиялық тұрғыда қауіпсіз және қолайлы орта қалыптасады;
Студенттер өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінеді;
Әлеуметтік қолдау тетіктері жүйелі түрде жұмыс істейді;
Әр студенттің тұлғалық және рухани дамуына жол ашылады.
Қазан айында колледж студенттерінің әлеуметтік картасы жаңартылды.Студенттердің ортаға биімділігі жөнінде ата-аналар жиналысы өтті.

Колледж жатақханасында тұратын студенттер тізімі жинақталып,жатақхана тұратын балдармен сұхбаттасу жүргізілді.
I-курс студенттерінің колледжге,топқа бейімделуіне «Қарым-қатынас лабиринті» атты топтық тренинг,дәріс сабақтары өтілді.

Мүмкіндігі шектеулі студенттермен жұмыс жүргізіліп,олардың ортаға бейімделуіне,топтағы балдармен араласуы қадағаланды.
Қараша айында медбике және студенттік емхана меңгерушісі Байдуллаев Тимур Батырұлы,Діни мәселелерді зерттеу орталығының теологы Уалиханов Самат Шоқанұлы 1-4 курс студенттер арасында «Темекі және улы заттардың зияндылғы» және «Діни экстремизм мен терроризм көрінісінің алдын алу» тақырбында студенттерге дәріс оқылды.

1-2-3 курстар арасында отбасындағы қарым қатынас мәдениетінің маңыздылығын ұғындыру мақсатында «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті» атты тренинг,дәрістік сабақтар өтілді.

3-4 курс студенттеріне өзін өзі тануды және қадағалауды дұрыс қалыптастыруғаәлеуметтік педагогикалық дәрістік сабақтар өтілді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің жағдайы бақыланып,олармен әлеуметтік психологиялық жұмыстар жүргізіліп,тұрғылықты тұрып жатқан үйлеріне барып әлеуметтік жағдайлары бақыланды.

Желтоқсан айында Сырғалым қыздар клубы,колледж медбикесі,колледж психологы,әлеуметтік педагог қатысуымен 1-4 курс білімгерлеріне Шымкент қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орынымен бірлесе отырып іс-шара өткізілді. Іс-шарада ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Н қатысуымен студенттерге дәріс оқылды.

Топ тәлімгерлердің сұранысы бойынша колледж ұжымына,студенттердің дұрыс қарым-қатынас жасауына психологиялық тренинг өткізілді.

Әлеуметтік статустағы ата-аналарға берілетін жәрдемақы жөнінде барлық колледжге хабарландыру таратылды.

Қиын және құқық бұзуға бейім студенттермен әлеуметтік-психологиялық жұмыс.

«Менің отбасым» тақырыбында 2 курстарға семинар сабақ өтілді.

Дарынды және үлгерімі төмен студенттермен әлеуметтік психологиялық жұмыс жүргізілді.

Студенттердің өзін-өзі тануды және қадағалауды дұрыс қалыптастыруға арналған психологиялық тренинг өтілді.
«Мен өмірге құштармын» атты психологиялық-әлеуметтік тренинг өтілді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің және тұл жетім студенттердің жағдайын бақылау,олармен әлеуметтік және психологиялық жұмыстар жүргізіліп отырылды.

1-2 курс студенттерінінң «Білім алушылар арасында интернет ресурстарын тиімді пайдалану» психологиялық –педагогикалық дәріс өтілді.

«Баланы ата-ана тәрбиелейді.Ата-ананы кім тәрбиелейді?» атты ата-аналармен іс-шара өтілді.

Мүгедектігі бар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер мен тұл жетім студенттердің сабақ үлгерімін қадағалау ,сабақтарына қатысу және ортасының араласуы қадағаланды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің жағдайы бақыланып,олармен әлеуметтік психологиялық жұмыстар жүргізіліп,тұрғылықты тұрып жатқан үйлеріне барып әлеуметтік жағдайлары бақыланды.

Әлеуметтік аз қамтылған көп балалы және толық емес студенттердің үйлеріне барып үй тұрмыс жағдайларын бақылап,акт түзілді.