Skip to content

Қамқоршылық кеңес құжаты

Қамқоршылық кеңесі

Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде білім беру сапасын арттыру, колледждің дамуына қоғамның қатысуын қамтамасыз ету, ашықтық пен қоғамдық бақылауды нығайту мақсатында Қамқоршылық кеңесі жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы Заңының 44-бабы,9-тармағы –нағ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының 6-тармағына, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледж МКҚК-ның әкімшілігінен 18 қарашадағы № 363 сұраныс хатына сәйкес Білім басқарамасы басшысы Бұйрығымен № 652  23.11.2022ж. Қамқоршылық кеңесі құрылды.

Миссиясы: 

Білім беру сапасын арттыруға, колледждің даму бағытына қолдау көрсету, студенттердің құқықтарын қорғау мен әлеуметтік әділеттілікке үлес қосу.

Мақсаты: 

Колледждің оқу, тәрбие және әлеуметтік бағыттағы іс-шараларына қоғам өкілдерін, ата-аналарды, әлеуметтік серіктестерді тарта отырып, білім ордасының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.

Қамқоршылық кеңесінің негізгі міндеттері: 

– Колледждің даму стратегиясына ұсыныстар беру; 

– Білім беру процесіне қоғам өкілдерін тарту; 

– Әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға көмек көрсету; 

– Материалдық-техникалық базаны нығайтуға үлес қосу; 

– Колледждің ішкі тәртіп пен тәрбие жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу.

Қамқоршылық кеңесінің құрамы: 

Кеңес құрамына ата-аналар, жұмыс берушілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, колледж түлектері мен білім беру саласындағы сарапшылар кіреді. Кеңес мүшелері ерікті түрде, ашық түрде сайланады.

  1. Усипбеков Толехан Усипбекович- төраға

2.Қалиев Ануарбек Абдешович-Жеке кәсіпкер, ата-ана

3.Дарменов Ермек Аманжолович-Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.

4.Құлшынбай Айдар Еркінбекұлы- «Ай Сервис Транс» ЖШС директоры,Әлеуметтік серіктес.

5.Джумабеков Бауржан Кеңесбекович-Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспеторы.

6.Айдарханов Сапарғали Қалдыханұлы-«Проект-А» ЖШС директоры,Әлеуметтік серіктес.

7.Тажибаева Жибек Мухамеджановна-Заңгерлік кеңес беру орталығының заңгері,ата-ана.

  1. Даулеталиев Қуаныш Амирсеитович-Шымкент қаласы бұрынғы мәслихат депутаты.

9.Тоқтыбай Зада Нұралықызы-Шымкент қаласы білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы.

10.Майханов Ғалымжан Тастанович-ауған соғысы ардагерлер одағының төоағасы,ата-ана.

11.Омарқызы Гүлсара-Самғал жеке меншік мектебі,ата-ана.

Кеңестің қызметі ашықтық және есептілік қағидаттарына негізделген. Жыл сайын Қамқоршылық кеңесінің жұмыс қорытындысы колледждің ресми сайтында жарияланып отырады.

Қамқоршылық кеңесінің маңыздылығы

Қазіргі таңда білім беру ұйымдары мен қоғам арасындағы тығыз байланыс аса маңызды. Осы бағытта колледжімізде құрылған Қамқоршылық кеңесі – білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, әлеуметтік серіктестікті нығайтуға ықпал ететін маңызды құрылым.

Қамқоршылық кеңесінің қызмет бағыттары:

– Колледждің дамуына қатысты шешімдер қабылдауға қатысу;

– Жастардың тәрбиесіне, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға атсалысу;

– Әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, жетім білім алушыларды қолдау;

– Білім беру бағдарламаларына еңбек нарығының сұранысына сай ұсыныстар енгізу;

– Түлектерді жұмысқа орналастыруда қолдау көрсету;

– Қоғам мен колледж арасында тұрақты байланыс орнату.

 

 

Қамқоршылық кеңестің отырыстары: 

Кеңес жылына кемінде 2 рет отырыс өткізіп, онда колледждің стратегиялық мәселелері, оқу-тәрбие жұмыстары және әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Ашық отырыстар мен қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Қабылданған шешімдер колледждің ресми парақшасында жарияланады.

Қамқоршылық кеңестің ережесі, отырыс хаттамалары, демеушілік көмек бойынша ақпараттар колледж сайтының арнайы бөлімінде жарияланады.

 

Кезекті отырыс барысында