Skip to content

ОӘБ қызметі туралы жалпы ақпарат

             Утегенов М.К

Колледж директоры, оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы

               Нуртазина С.А

Директордың оқу-әдістемелік бірлестігі жұмысы жөніндегі орынбасары

                   Қапенов А.С

Оқу-әдістемелік бірлестігінің техник бағдарламашасы

Оқу әдістемелік бірлестік  Қазақстан Республикасының  Оқу-ағарту Министрі  Ғ.Б.Бейсембаевтың  30.04.2025 жылғы №100 бұйрығына, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы  28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығына сай қызмет етеді.

Оқу-әдістемелік бірлестіктің мақсаты:  Озық тәжірибелерді енгізу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту мен үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, қосымша білім бағдарламаларын іске асыру және бейінді білім беру ұйымдарымен әріптестікті нығайту болып табылады.

Оқу-әдістемелік бірлестікте мына мамандықтар бойынша жұмыстар жүргізіледі: 

1. Мамандығы: 07321300 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту  құрылыстарын пайдалану

Біліктілігі: 4S07321303 Тазарту құрылыстарының техник-технологі

2. Мамандығы: 07320500 Гидротехникалық құрылыс

Біліктілігі: 4S07320501 Техник-гидротехник