
«Құқықтану және техникалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі – Тургинбаева Лаура Андасбековна. Оқытушы-сарапшы. Еңбек жолын 2008 ж М.Өтебаев атындағы ЖЖТК бастады. 2016-2021жж аралығында Астана қ. Полиция департаментінде кәмелетке толмағандар арасындағы УПИ, полиция капитаны болып жұмыс жасады. 2021ж. 1-қыркүйектен бастап осы колледжде «Құқықтану және техникалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. «Құқықтану және техникалық мамандықтар» бөлімінде 2025-2026 оқу жылында барлығы 346 студент білім алуда. «Құқықтану және техникалық мамандықтар» бөлімінде төмендегі мамандықтарды оқытады:
- Мамандығы: 04210100 Құқықтану мамандығы 4S04210101 «Заңгер» біліктілігі
- 07310400 – Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру 4S073104032 «Техник-дизайнер» біліктілігі
Бөлімде іргелі білімі мен практикалық дағдылары, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білім берудегі жаңа технологиялар мен жаңа тәсілдерді меңгерген, қызметі қоғам өмірінің әртүрлі салаларында құқықтық нормаларды іске асыруға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік стандарттар деңгейінде мамандық бойынша тиімді жұмыс істеуге қабілетті болашақ заңгерлерді даярлайды. Жалпы бөлімге қарасты 15 топ бар. Сондай-ақ бөлімге қарасты «құқықтану» мен «құрылыс» кафедрасында 31 оқытушы жұмыс істейді. Бөлімде студенттердің бәсекеге қабілетті, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Жастардың бойындағы құқықтық саналарын жетілдіре отырып, құқықтық мәдениет пен құқықтық тәрбиені насихаттау бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіледі. Студенттеріміздің теорияда алған білімдерін оқытушыларымыз жүйелі түрде тәжірибемен ұштастыра отырады. Сапалы білім беру бағытында оқытушыларымыз әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып ашық сот процестерін өткізеді.
Бөлімнің тыныс-тіршілігі

Құқық қорғау органдарының мамандарымен, оның ішінде сот саласының ішкі құрылымы мен жұмыстары, ашық сот процестеріне жоспарлы негізде қатысып, болашақта мамандықтарына деген құрметтерін арттыруда үлкен септігін тигізуде. Осы орайда «Еңбегі ерен ер тұлғаларды» болашақ жастарға таныстыру, олардың қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында келелі кездесулерден үзінді. Сондай-ақ бөлімде студенттердің сөзге шешен, өз ойын нақты, әрі дәлелді жеткізу бағытында дебаттық «Әділет», «Пробус» клубтары жұмыс жасайды.


Бөлімінің студенттері Халықаралық, республикалық, облыстық және колледж аралық әртүрлі жарыстарға қатысып, түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болуда.




Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде белсенділік жастардан



Түлектерімізге диплом табыстау рәсімдерінен




