«Есептеу техникасы» бөлімінің меңгерушісі – Алшынбаев Бауыржан Елемесович

Еңбек жолын 1990 жылы бастап, қазіргі уақытқа дейін осы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде қызмет жасап келеді.
«Есептеу техникасы» бөлімінде 2025-2026 оқу жылында «06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы, 4S06130103 – «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы» біліктілігі бойынша 450 студент білім алуда.
Колледжде студенттердің сапалы білім алуына жәнеде теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып шығуына барлық жағдайлар жасалынған. Жалпы бөлімге қарасты 19 топ бар. Сондай-ақ «Есептеу техникасы» бөліміне қарасты «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасында 29 оқытушы жұмыс істейді.

Бөлімде студенттердің теориялық сапалы білім алуымен қатар тәрбие жұмыстарына да қатты көңіл бөлінеді, түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылады, студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, тәртіпті болу, бұның бәрі біздің түлектердің заманауи, бәсекеге қабілетті маман, жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

Студенттеріміздің теориялық алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып өндіріс орнындарында түрлі жобаларды іс жүзінде тәжірибеден өткізеді.


2019 жылдан бастап бөлім студенттері Worldskills қозғалысына қатысып келеді. Осы жылдар ішінде чемпионатқа қатысатын құзыреттер саны едәуір артып, бүгінгі күні бөлім студенттері «Мобильді қосымша», «Графикалық дизайн», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу», «Мобильді робототехника» құзыреттіліктері бойынша жүлделі орындар иеленіп келеді.



Бөлім студенттері қала аумағында, жастар орталығында, қалалық мұражайларда сондай ақ республикалық деңгейде өтетін волонтерлік түрлі іс-шараларға үнемі қатысып келеді.





Бөлімінің студенттері колледж аралық, облыстық және республикалық әртүрлі жарыстарға қатысып, түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болып келеді.



Алшынбаев Бауыржан Елемесович – Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «Жоғары колледж» бөлім меңгерушісі болып қызмет етемін.
«Жоғары колледж» бөлімінде:
«1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «1401000 – Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша студенттер үш деңгейде үздіксіз білім алып, «Қолданбалы бакалавр» біліктілігін алып шығады. Оқу процессінің 60 % өндірістік іс-тәжірибеге негізделіп әлеуметтік серіктес компаниялармен келісім шарттар түзілген.
Оқытудың негізгі мақсаты-еңбек нарығында тәжірибеге бейім мамандарды дайындау.
Бағдарламаның негізгі мақсаты- ел экономикасының инновациялық даму сұранысына сәйкес заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге бағытталған мамандарды даярлау.
ҚР-01-17 ЖК тобының студенті Өмірзақ Дастан«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауының 2020 жылғы жеңімпазы.
ҚР-03-17 ЖК тобының студенті Кенжебай Есен«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауының 2021 жылғы жеңімпазы.
«WorldSkills Kazakhstan-2022»VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында ЕТ-01-19у тобының студенттеріМанақбаев Марс, Тұрысбеков Қуаныш «Мобильді робототехника» құзіреттілгі бойынша қатысып ІІ дәрежелі орын ДИПЛОМмен марапатталды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Жоғары колледж» бөлімі колледждің «Ең үздік бөлімі» болып танылды.