Skip to content

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ДЕГЕН НЕ? 2022 жылдың 9 қарашасы күні М.Өтебаев атындағы…

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ДЕГЕН НЕ?

2022 жылдың 9 қарашасы күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Шымкент қаласының білім басқармасы Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырмасы бойынша "Auezov jastary" қоғамдық қоры тарапынан "Қаржылық және интернет -алаяқтықтың алдын-алу туралы" колледж педагогтары, қызметкерлері және студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге келген мамандар жастар арасында ғана емес аға буын өкілдері, зейнеткерлер арасында да белең алып отырған қаржылық, интернет-алаяқтық, экономикалық және мүліктік қылмыстардың алдын-алу және болдырмау мақсатында әңгіме жүргізді.

Бізде қонақта:
1. Шымкент Қалалық Полиция Департаменті криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі- Айсаев Алишер Абузарович.
2. М.Әуезов атындағы ОҚУ заң факультеті халықаралық қатынастар және халық құқық меңгерушісі-Бекбосынов Ермек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *